Арапа күні оқылатын дұғалар

08.07.2022 18:41

Арапа күні дегеніміз зул-хижжа айының 9-шы күні және қасиетті Құрбан айт мейрамының алдындағы күн

moroccoworldnews.com

Мұсылман қауымы үшін қасиетті күндердің бірі Арапа (Арафа) күні болып табылады. Осы аталған күні адамзат ниеттеніп, игі істер жасаса Алланың назарына ілігеді дейді. Аталған Арапа күні дұғалар жасап, Құдайға құлшылық жасаған жандардың ниеттері қабыл болып, жәннат төріне жолдама алады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Арапа күні дегеніміз зул-хижжа айының 9-шы күні және қасиетті Құрбан айт мейрамының алдындағы күн. Бұл сөз «танысып, білісу» деген мағынаны білдіреді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «осы қасиетті күнде оқыған дұға – дұғалардың ішіндегі ең жақсысы» деген екен.

Арапа күні оқылатын дұға: «Лə илəһə илла Аллаһу уахдаһу лə шəрикə лəһ, лəһул мулку уə лəһул хəмду уə һууа ‘алə кулли шəй-ин қадир». (Алладан басқа тəңір жоқ. Ол – жалғыз, Оның еш серігі жоқ. Барлық мүлік, барша мақтау Оған тəн. Əрі Ол барлық нəрсеге Құдіретті).

Құранда аталған дұғаны оқыған жанға бір құлды азат қылғандай сауап жазылады деп айтылған. Демек, бұл дұғаны бірнеше рет қайталап айтқан адам бірнеше құлды босатқандай болады. Арапа (арафа) күні барша адамзат тозақтан босатылады. Бұл күн – мұсылмандардың мүбәрак мерекесі.

Дереккөз: stan.kz