Қызылордалықтар коронавирус пен пневмониядан емделу үшін емшіге баруда

04.08.2020 18:41

Әлеуметтік желіде тұрғынның «емдеу» әдісінің видеосы жарияланды

tengrinews.kz

Қызылорда тұрғыны коронавирус пен пневмония жұқтырғандарды «емдеудің» ерекше әдісін тапты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әлеуметтік желіде тұрғынның «емдеу» әдісінің видеосы жарияланды. Оны Facebook-тегі парақшасына тележурналист Жазира Бегалы жүктеді. Оның айтуынша, желіде «емшінің» жарнамасы жарияланған.

«Қызылорлық емші барлығын пневмониядан жазуға уәде беріп отыр. Адамдар оның аяғына жығылып жатыр. Алғашында барлығы зінбір, лимон, қойдың майы үшін төбелессе, қазір олар емшілерге барып жатыр», – деп жазды тележурналист.