Алматыда балаларды өрттен құтқарған әскери қызметкер марапатталды

13.03.2019 18:41

Асқар Мұсабеков әскери қызметшінің көрсеткен батылдығы мен қайсарлығы үшін алғысын білдірді

Алматыда Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты оқу орталығының әскери қызметшісі Нұрқанат Дүйсен марапатталды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Қорғаныс министрінің атынан Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының басшысы полковник Асқар Мұсабеков әскери қызметшінің көрсеткен батылдығы мен қайсарлығы үшін алғысын білдіріп, оның батыл іс-әрекеттері мен жылдам реакциясының арқасында балаларды өрттен аман алып қалғанын ерекше атап өтті.

«Нұрқанаттың батылдығы - әрбір қазақстандық үшін үлгі, өйткені қызметтік борышын орындау кезінде ғана емес, басқа да өмірлік жағдайларда да жанқиярлық пен батылдық танытуға болады», - делінген хабарламада.  

Еске салайық, 2019 жылы 11 наурызда қызметтен қайтып келе жатып, жанып жатқан жатақхананың жанынан өтіп бара жатқан қатардағы жауынгер Нұрқанат Дүйсен терезеден көмек сұрап, айғайлаған дауысты естіп, уақытты жоғалтпай, көмекке жүгінді.

Алапат өртке қарамастан, ол алты және үш жасар балалардың қолына алып үлгерген. Анасы өрттен құтқарған үшінші баланы терезеден лақтырып, Нұрқанат бушлатпен ұстап алған. Қуанышқа қарай, жатақханда болған өрттің салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.