Арандатушылар қоғам өкілдері мен халықты пайдаланды - Абзал Құспан

14.03.2022 19:56
inform.kz

Арандатушылар қоғам өкілдері мен халықты пайдаланды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында адвокат Абзал Құспан айтты, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі.  

«Қоғамды мазалайтын ең маңызды сұрақтардың бірі – «Қаңтар оқиғасы» сияқты қанды қырғын қалай орын алды? Терроризм болды ма? Оны ұйымдастырушылар болды ма? - екені белгілі, сол себепті осы мәселелер бойынша қысқаша тоқталып кетейін. Барлық өңірде сол жаппай тәртіпсіздкке қатысушылармен болған кездесу нәтижесінде бәріне бірдей ортақ, мынадай белгілері бары анықталды», - деді ол.  

Адвокаттың айтуынша, қаңтар айының алғашқы күндерінде осындай әрекеттер - жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар тарапынан анық көрініс тапты, өкініштісі сол осы мақсатта олар қарапайым қоғамы өкілдерін, халықты пайдаланғаны.