«7-20-25» бағдарламасы бойынша кез келген сұрақты «Баспана» ипотекалық ұйымына хабарласып білуге болады
«7-20-25» бағдарламасы аясында 7 384 өтініш мақұлданды, деп хабарлайды «Баспана» ипотекалық ұйымының баспасөз қызметі.
«7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 2019 жылғы 30 сәуірдегі жағдай бойынша, қарыз алуға 140,6 млрд теңге сомасына 12 348 өтініш қабылданды. Оның ішінде 85,5 млрд теңге қарыз беруге 7 384 өтініш мақұлданды», - делінген компания таратқан ақпаратта.
Айта кетерлігі, «7-20-25» бағдарламасы бойынша кез келген сұрақты «Баспана» ипотекалық ұйымына хабарласып білуге болады. Сонымен қатар, ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында да қосымша мәліметтер жарияланған.