Кәсіподақтар федерациясы көпбалалы аналарға көмектесуді бастады

10.10.2019 18:42

Жалпы сомасы 40 миллион теңгеге 50 шақты отбасыны баспаналы ету көзделуде

Қазір дәрігерлерге тұрғын үй алуға 20 пайыздық сертификаттар табыстылап жатыр. Жалпы сомасы 40 миллион теңгеге 50 шақты отбасыны баспаналы ету көзделуде, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұл қаржы үй алуға талпынып, тек бастапқы жарнасы жоқтарға таптырмас мүмкіндік дейді кәсіподақтың бірінші орынбасары Сатыбалды Дәулеталин. Сертификатқа қол жеткізу үшін әр жұмыскер кәсіподақ мүшесі болуы қажет. Кейін алғашқы жарна алу туралы өтініш жазады, оны комиссия қарап, шешім шығарады. Екі миллионнан астам еңбеккердің басын қосқан ұйым осылайша тек жұмысшылардың құқығын қорғап ғана қоймай, әлеуметтік жағдайын көтеруге ниетті.

«Тұрғын үй сертификатын беріп жатырмыз. Ол 1 миллионнан 2 миллионнан астам бұл жаңағы бірінші бастапқы мынау жарна ақысын төлейтін мүмкіндік туғызу. Оның ішінде әсіресе жас мамандар бар. Оның ішінде мынау қарапайым бұқара халықтың өкілі жұмысшыларға көмектесіп жатырмыз. Оның қазір 40 миллионға жуығы берілді. Сонымен қатар, бір сертификаттар 250 мыңға сертификаттар. Оған да беріп жатырмыз. Әсіресе, медицина саласында қызмет ететін қызмет жасайтын адамдарға», – деді ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Сатыбалды ДӘУЛЕТАЛИН.