Қазақстан Әзірбайжандар қауымдастығы: Біз сіздермен бірге қайғырамыз

Қазақстан Әзірбайжандар қауымдастығы: Біз сіздермен бірге қайғырамыз
Қаза болған батырлар халық жадында мәңгі қалады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Қазақстанда Жамбыл облысының Байзақ ауданында болған қайғылы оқиғаға байланысты Жалпыұлттық аза тұту күні, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұл апат қазақстандықтардың бәрінің жүрегіне ауыр тиді.

Қазақстан Әзербайжандар қауымдастығы өз халқымен бірге екендігін жеткізді.

«ҚР Президенті 29 тамызды Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қоймасында адам өліміне әкеп соққан қайғылы оқиғаға байланысты Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Қазақстан Әзірбайжандар қауымдастығының атынан қаза тапқан батырлардың – әскери қызметшілер мен құтқарушылардың туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз. Олар біздің жүрегімізде және халықтың жадында мәңгі қалады. Біз сіздермен бірге қайғырамыз. Иманды болсын», – деп жазылған қауымдастықтың Facebook-тегі ресми парақшасында.


Новости партнеров