Бақытжан Сағынтаев мұсылман қауымды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады

24.04.2020 в 18:43

Биыл індетке байланысты барлық салт-дәстүрімізді, ауызашарды үйде отбасымен өткізуге шақырамын

Бақытжан Сағынтаев мұсылман қауымды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv қала әкімінің Туиттер парақшасына сілтеме жасап. 

Қала әкімі мұсылман қауымды қасиетті Рамазан айымен құттықтап,  қатерлі індетке байланысты барлық салт-дәстүрді, ауызашарды үйде отбасымен өткізуге шақырды. 

«Қаланың барша мұсылман қауымын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймын! Бұл – ораза тұтып, намазға жығылып, рухани тазарып, жетілетін уақыт. Биыл індетке байланысты барлық салт-дәстүрімізді, ауызашарды үйде отбасымен өткізуге шақырамын. Баршаңызға амандық тіледім!», – деп жазады Сағынтаев.