Қазақстанда жасанды интеллект комитеті құрылды

04.05.2024 18:43

Үкімет тиісті қаулы жобасын жария етті

Сгенерировано ИИ

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жанынан жасанды интеллект және инновацияны дамыту комитеті құрылды. Үкімет тиісті қаулы жобасын жария етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Құжатқа сәйкес, жаңа ведомство жасанды интеллект саласындағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуына, жасанды интеллект технологияларын дамыту саласындағы нормативтік-құқықтық реттеуді әзірлеуге және жасанды интеллект саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыруға жауап береді.

Мұнан бөлек, Үкімет қаулысымен аталған министрлікке қарасты Геодезия және картография комитеті таратылды.

Оқи отырыңыз: Қарағандыда ағашты заңсыз кескен құрылыс компаниясына қатысты сот үкімі шықты