|
23.05.2019 | 13:43
2999

Әлеуметтік желіде сайлауға қатысты сауалнама жүргізгендер жазаланды

Бас прокуратура сайлау бойынша азаматтарға ескерту жасады

Әлеуметтік желіде сайлауға қатысты сауалнама жүргізгендер жазаланды

Алматы қаласы мен Алматы облысының екі тұрғыны әлеуметтік желілерде сайлауға қатысты сауалнама жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі.

«Қазақстанның Бас прокуратурасы ел Президентінің кезектен тыс сайлауы барысында заңды бұзбауды, оның ішінде Конституцияның «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңында көзделген қоғамдық пікірге сауал салу шарттарының сақталуын ерекше бақылауда ұстайды», - делінген ресми хабарламада.

Интернетте осы заңның талаптары бұзылғаны тіркелді. Атап айтқанда, Nur.kz интернет ресурсының меншік иесі Орталық сайлау комиссиясына ескертпей сауалнама жүргізді. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде де осындай сауалнамалар жүргізіліпті. Осы деректер бойынша құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мәселен, «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде сайлау аясында қоғамдық пікірге сауалнама жүргізген Алматы қаласының тұрғыны жауапқа тартылды. Оған Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 120-бабы, 3-тармағына сәйкес 15 АЕК (37 875 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Сол сияқты Facebook желісінде жасалған құқық бұзушылық үшін Алматы облысының тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«Бас прокуратура азаматтарға сайлау процесі барысында заңды сақтау қажеттігін және сайлауға байланысты сауалнама жүргізу шарттарын бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 120-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылатынын еске салады. Бұл ретте азаматтарға мұқият болып, әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттарын басқа біреулердің пайдалануына жол бермеуі қажет», - дейді прокурорлар.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир