2023-2025: Ең төменгі зейнетақы және АЕК мөлшері жарияланды

25.08.2022 18:44

Заң жобасы 8 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды

gov.kz

ҚР Қаржы министрлігі «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құжатқа сәйкес, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

  • ең төменгі жалақы – 60 000 теңге;
  • айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 450 теңге (жәрдемақыны және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ өсімпұлды, салықты және басқа да төлемдерді қолдану үшін);
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 21 907 теңге;
  • ең төменгі зейнетақы – 53 076 теңге;
  • базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі 40 567 теңге болады.

Заң жобасы 8 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық» НҚА порталында жарияланады.