«Алматы» телеарнасы ұйымдастырған байқау жеңімпазына ұялы телефон табысталды

06.12.2021 в 18:44

22-30 қараша аралығында ұйымдастырылған байқауға жалпы саны 400-ге жуық жауап келіп түскен

«Алматы» телеарнасынан жаңа смартфон ұтып ал!» атты байқаудың жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Байқау шарты бойынша көрермен «Менің бапкерім» телехикаясын көріп, экранда пайда болған құпия сөздерді табып, арнаға жолдауы тиіс еді.

22-30 қараша аралығында ұйымдастырылған байқауға жалпы саны 400-ге жуық жауап келіп түскен. Солардың алды болған алматылық көрерменіміз Мырзабек Көшербаев байқауымыздың жеңімпазы атанды.

Шарттарды толық орындаған Мырзабек Көшербаев «Таңғы STUDIO» бағдарламасының қонағы болып, қуанышын білдірді.

«Өмірімде бірінші рет ұтысқа ие болып тұрмын. Қуанышымды сөзбен жеткізу мүмкін емес. Осындай байқау ұйымдастырған «Алматы» телеарнасына рахмет. Байқау әділ өтті», – деді жеңімпаз.

400-ге жуық қатысушының ішінде озық болған жеңімпазға «Алматы» телеарнасының Стратегиялық маркетинг бойынша бас директордың орынбасары Ралида Мұқанова сыйлығын табыс етіп, жылы лезібін білдірді.

«Менің бапкерім» телехикаясын үзбей көрген Мырзабек байқаудың барлық шартын уақытымен орындады. Жеңісіңізбен құттықтаймын! Сізге зор денсаулық тілеймін!» – деді Ралида Мұқанова.

Арнамыздың тұрақты көрермені болып, алдағы байқаулардың жеңімпазы атаныңыз.