|
10.08.2022 | 13:45
3390

Қостанайда жоғалған 5 жасар қызды іздестіру тәсілдері өзгерді

Аумақты тінту бағыты да өзгерді

Қостанайда жоғалған 5 жасар қызды іздестіру тәсілдері өзгерді

Қостанай облысының полиция департаменті жоғалған 5 жасар Мадинаны іздестіру тәсілдерін өзгертті. Енді тәртіп сақшылары мен еріктілер баланың мінез-құлқындағы ерекшелігін ескеріп, іздестіруді тыныш режимде жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қостанай облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Іздеу шараларының тактикасы мамандар ұсынысы негізінде өзгертілді. Іздестіру баланың мінез-құлқындағы ерекшелігін ескере отырып, тыныштық режимінде жүргізіліп жатыр. Аумақты тінту бағыты да өзгерді. Егер бұрын аумақты зерттеу Тобыл өзенінің бойымен жүргізілсе, енді Тобылдан Жамбыл ауылына қарай бағыт алады. Түнде адамды дене температурасының жылуымен анықтайтын тепловизорлар арқылы іздеу тактикасы қолданылды. Таңертең төрт бағыт бойынша 100 шақырымға дейінгі іздеу аймағын қайта жүріп өту жұмыстары басталды», - деп мәлім етті жергілікті құзырлы органның баспасөз қызметінен.

Еске салайық, кеше Қостанай қаласында із-түзсіз жоғалған бес жасар Мәдина Ерланқызын іздеу шаралары аясында егістік алқаптың әр жеріне сусын мен тамақ байланған шарлар қалдыру жөнінде шешім қабылданды. Сондай-ақ, кешкі уақытта егістік алқабының үстінен дельтапландар ұшырылады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир