Аталған жайтқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылды
Түркістан облысының полицейлері тіркелмеген қару асынғандарды жауапқа тартты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Тәртіп сақшылары Шолаққорған ауылына қарасты тасжолдардың бірінде қару асынып келе жатқан ер адамды байқаған. Тексере келгенде жергілікті тұрғынның аңшы қаруы еш жерде тіркелмегені анықталды.
Дәл осындай жағдай Созақ ауданындағы Балықшы тау бөктерінде де қайталанды. Тексеру кезінде полицейлер күдікті ер адамнан ешқандай құжаты жоқ 16 калибрлі аңшы қаруы мен оған арналған 8 оқ тапқан.
«Аталған жайт ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы «Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы» бойынша тіркеуге алынып, әкімшілік хаттама толтырылды», – деді Созақ ауданы ПБ әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы Еркін Тәжі.