Алматыда 1000 отбасына азық-түлік жеткізілді. «Nur Otan» партиясының қолдауымен іске асқан игі-шараға Қазақстанның эстрада әншілері да ат салысып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кәсіпкерлердің демеуші болуымен сатып алынған азық-түліктер Алатау және Наурызбай ауданының мұқтаж жандарына табысталатын болады. 2 жүк көлігі тиелген тұрмысқа қажетті заттардың салмағы 15 тонна. «Біз біргеміз» акциясы аясында ұйымдастырылған шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
«Бүгін 15 тоннадай азық-түлікті билік арнайы бекіткен жерге қоймаға тапысырып отыр. Алматы қаласындағы Алатау және Наурызбай аудандарындағы әкімдіктерінің өкілдері келіп оны мемлекеттік «Қазпошта» тасмалдау қызметінің көмегіне жүгіне отырып, мұқтаж жандарға табыстайтын болады», – деді композитор Арман ДҮЙСЕНОВ.