Алматыда митингтен кейін 200-ге жуық адам емдеу мекемелеріне жүгінді

05.01.2022 18:48

Зардап шеккен 7 адам жансақтау бөлімінде жатыр

Фото: РИА Новости

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, емдеу мекемелеріне 190 адам жүгінген, оның 150-і жедел жәрдеммен жеткен және 40-ы өз өтініші бойынша келген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«40 адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде зардап шеккен 7 адам жансақтау бөлімінде жатыр, оның ішінде 4-уі  полиция қызметкері», – делінген Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының хабарламасында.

Сондай-ақ зардап шеккендердің ішінде 137 полиция қызметкері және 53 азаматтық тұрғын бар.