|
09.06.2019 | 13:49
2556

Алматы: дауыс беру кабиналарына екі адамның бірге кіру дерегі болған жоқ – бақылаушы

Алматылықтар 554 учаскеде дауыс беріп жатыр

Алматы: дауыс беру кабиналарына екі адамның бірге кіру дерегі болған жоқ – бақылаушы КазТАГ

Бүгін Алматыдағы №111 сайлау учаскесінде дауыс беру заңдылықтары бұзылды деген ақпарат БАҚ беттерінде жарияланған болатын. Алайда, бақылаушылардың өзі аталған деректің шындыққа жанаспайтынын айтып отыр.

Еске салайық, «ҚазТАГ» ақпараттық агенттігі аталған сайлау учаскесінде екі адамның бір кабинаға кіріп кеткені туралы ақпарат таратқан еді. Алайда, сайлауға бақылаушы боп қатысып жатқан «Аманат» азаматтық платформасының мүшесі Мадина Мугази бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеп отыр.

«Таң атқаннан бері осы учаскеде бақылаушы болып отырмыз. Ешқандай заңсыздық тіркелген жоқ. Бір кабинаға екі адамның кіріп кеткені туралы да ақпарат шындыққа жанаспайды. Ол екі адам бір отбасының мүшелері, олар расымен де бір кабинаға кірмекші болған. Алайда, учаскенің төрайымы дереу оларды тоқтатып, екеуін екі кабинаға жіберді», - дейді Мадина Мугази.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир