Бостандық ауданы «Бақытты отбасы» орталығы жылды қорытындылады

Бостандық ауданы «Бақытты отбасы» орталығы жылды қорытындылады
Орталыққа жалпы тіркелген отбасылар саны 1338-ге жетіпті
Жаңалықтармен бөлісіңіз


Ал, осы уақытқа дейін барлық саны 445 отбасыға нақты қызмет көрсетілген, оның 207-сі көпбалалы жанұялар екен. Көмек сұрап келгендерге заң бойынша, психологиялық, медициналық және ақпарат беру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Сондай-ақ, тұлғалық өсу мен бала тәрбиесі мәселелері бойынша 749, көшбасшылыққа үйрету, отбасылық құндылықтарды дәріптеу секілді 821 арнайы тренингтер де өткізілген. Қазіргі таңда «Бақытты отбасында» аналарға арналған тігін тігу, компьютерлік сабақтары, аспаздық, тоқыма тоқу секілді курстар мен бір күндік мотивациялық тренингтер жұмысын жалғастырып келеді. Қорытынды барысында қызметкерлер келушілердің саны күн санап артып келе жатқанын айтып, болашақтағы жоспарларымен де бөлісті.

«Біздің енді келесі жылға көптеген жоспарларымыз бар. Бірінші біздің жоспарымыз - осы «Іскер әке» деген жобамыз бар. Себебі, енді біз аналарға жұмыс істе дейміз, аналарды жұмыспен қамтып жатырмыз. Ол да дұрыс қой. Бірақ ер азаматтар да еңбек етіп, жанүясына көмектесуі керек қой. Сондықтан, осы «Іскер әке» деген жобамыз келесі жылы іске асса, керемет болар еді», – деді  Алматы қаласы Бостандық ауданы «Бақытты отбасы» орталығының жетекшісі Гаухар ШАЙМЕРДЕНОВА.



Новости партнеров