Маргарита Симоньян үшінші баласын дүниеге әкелді

20.10.2019 18:49

Ресейлік танымал медиаменеджер Маргарита Симонян мен режиссер Тигран Кеосаянның отбасында Маро есімді қыз бала туылды

Ресейдің танымал медиаменеджері Маргарита Симонян өзінің Telegram парақшасында үшінші баласын дүниге әкелгені туралы хабарлама жариялады. Қыз балаға Маро деген есім берілді.


Симонян аман-есен қол-аяғын бауырына алған. Бұл туралы журналистің өзі Telegram каналында жаңа туған нәрестенің төсегіндегі бирканың суретін жариялағаннан кейін белгілі болды.


"Қымбатты әлем! Маро Тиграновна Кеосаянға мейірімді болыңызшы. Ол бұл әлемге енді ғана келді", - деп жазды Маргарита өз жазбасында.


Sputnik.