ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарымыз хабарласуы үшін келесі телефон арқылы «жедел желі» ашылды +7 (7172) 72-06-06
Украинадағы соңғы оқиғаларға байланысты Қазақстан Республикасының Киевтегі Елшілігі азаматтарымызды эвакуациялауды қамтамасыз етуде, деп хабарлайды Almaty.tv.
Украинадағы Қазақстан азаматтары Қазақстан Республикасының Елшілігіне Киев қаласы, Ильенко көшесі, 26-үй мекен-жайы бойынша және «жедел желі» телефондары арқылы хабарласа алады: +38 (067) 347 04 08 (WhatsApp, Viber), +38 (044) 483 15 96, +38 (044) 489 18 58.
«Отандастарымыз Харьков (келесі консулдық аймақтарын қамтиды – Харьков, Сумы және Полтава облыстары), Львов (Волынская, Закарпатская, Ивано-Франковская, Ровненская, Тернопольская, Хмельницкая, Черновецкая және Львов облыстарын қамтиды), Одесса (Николаевская, Херсонская және Одесса облыстары) және Днепр (Днепропетровск облысы) қалаларында орналасқан ҚР Құрметті консулдарының кеңселеріне жүгіне алады», - делінген Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.
Сонымен қатар ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарымыз хабарласуы үшін келесі телефон арқылы «жедел желі» ашылды +7 (7172) 72-06-06.