Үкімет басшысы Мәншүк Мәметова ескерткішіне гүл шоғын қойды

09.05.2023 18:51

Аты аңызға айналған пулеметші қазақ қызы - 1942 жылы өз еркімен майданға аттанғандардың бірі

primeminister.kz

Үкімет басшысы да Жеңіс күнінде батыр бабаларға тағзым жасады. Әлихан Смайылов елордадағы Мәншүк Мәметова ескерткішіне барып, гүл шоғын қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аты аңызға айналған пулеметші қазақ қызы - 1942 жылы өз еркімен майданға аттанғандардың бірі. Ол 21-атқыштар дивизиясы мен 100-атқыштар бригадасының құрамында жүріп, ұрысқа қатысқан. Ұрпақтың бейбіт өмірі үшін жас ғұмырын қиған Кеңес одағының батырын Премьер-министр бір минут үнсіздікпен еске алды.