2019 жылы 28 желтоқсанда Мемлекет басшысы мегаполисті дамытуға мүмкіндік беретін бірқатар заңдарға қол қойды
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында қала әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев, «Алматы қаласының даму орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Санжар Ізтілеуовтың қатысуымен «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі жолдауында Үкіметке ең ірі үш қала әкімдіктеріне, оның ішінде қала құрылысы саясаты, көлік инфрақұрылымы және сәулет келбетін қалыптастыру саласындағы құзыреттерін кеңейту тапсырылды. Ұлттық экономика министрлігі Алматы қаласының әкімдігімен және басқа да орталық мемлекеттік органдармен бірлесе отырып Үкіметке ұсыныстар енгізді. Осылайша, 2019 жылы 28 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаев мегаполисті дамытуға жаңа мүмкіндіктер беретін бірқатар ҚР Заңдарына қол қойды:
«Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» ҚР Заңы;
ҚР «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы;
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңы.
Енгізілген өзгерістер Алматы қаласының мәртебесін анықтайтын ҚР ағымдағы заңнамасының құқықтық мониторингі мен талдауының, сондай-ақ ірі мегаполистер мен әлемдік астаналар мәртебелерін регламенттеудің шетелдік тәжірибесін зерттеудің нәтижесі болды.
М. Әзірбаев атап өткендей, сәулет, қала құрылысы, жер қатынастары, жасыл қорды сақтау, кәсіпкерлік, коммуналдық меншікті басқару, Көлік және әлеуметтік салаларды дамытуға қатысты 28 өзгерістер енгізілді.
Заңдағы өзгерістердің негізгі мақсаты қала тұрғындарын қолайлы жағдаймен қамту, бұл қаланы дамытудың маңызды факторларының бірі болып табылады.
Мысалы, Алматы қаласы үшін аумақтың сәулеттік және қала құрылысын дамыту бөлігінде жеке ережелер мен талаптарды қабылдауға мүмкіндік беретін норма енгізілді. Ереже ғимараттардың сәулеттік келбетін сақтау үшін қалалық кеңістікті безендіру және салу бөлшектерін регламенттеуге арналған. Бұдан басқа, абаттандыру, көгалдандыру, жарықтандыру элементтері қатар жиналады және қала сәулеттік бірегейлігін қалыптастыру мен сақтау сондай-ақ, сәулет және қала құрылысы қызметін іске асыру кезінде теңгерімсіздік пен ретсіздікті болдырмауға мүмкіндік беретін стандарт жасалады.
Қала маңындағы аумақтарды қала құрылысын игеру кезінде әлеуметтік, көліктік және өзге де инфрақұрылымды дамыту процестерін қамтамасыз ету үшін қала маңындағы аумақтарды қала құрылысын жоспарлауды үйлестіру және іске асыру жөніндегі қаланың өкілеттіктері кеңейтілді.
Жазғы алаңдарды, қоғамдық тамақтану объектілерін және қызмет көрсету саласын орнату, сондай-ақ стационарлық емес сауда объектілерін орнату ережелерін әзірлеу және бекіту бойынша жаңа үрдістер енгізіледі. Бизнес-ахуалды жақсарту және көлеңкелі экономиканы төмендету, сондай-ақ салық салынатын базаны ұлғайту, бұл ашықтықты арттыруға мүмкіндік береді.
Оңтүстік астананың жасыл қорын сақтау және қорғау мақсатында жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғаудың жеке ережелерін әзірлеу және бекіту функциялары көзделген, онда өтемдік отырғызу, жасыл желектерді жасарту, санитарлық кесу бойынша нормалар енгізілетін болады, сондай-ақ жасыл желектерді күту бойынша жұмыстар жүргізу және технологиялар бойынша нұсқаулықтар әзірлеу және т. б. көзделген.
Бұдан басқа, Жасыл экономика саласындағы жаңа технологияларды ынталандыру шаралары әзірленетін болады. Төлем ставкаларын белгілеу арқылы (су ресурстарын пайдаланғаны үшін, қалдықтарды орналастыру бойынша, атмосфералық ауаны қорғау бойынша және т. б.) преференциялар (жеңілдіктер) беру, сондай-ақ қалдықтардың шығарылуын, тасталуын және түзілуін қысқартатын жаңа технологияларды енгізу кезінде төлем ставкаларын төмендету және т.б. жоспарлануда.
Сондай-ақ, Заң негізгі құзыреттіліктермен қатар, көлік, жұмыспен қамту саясаты, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелерін дамыту мүмкіндігін қарастырады. Олар қаланы дамытуға, сапалы қалалық орта құруға, қала тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсартуға, бизнесті дамытуға бағытталады, - деп қорытындылады Мұхит Әзірбаев.