Алматыда «Мансап күні» бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді

06.12.2021 в 18:53

Іс-шараның көрермені және шолушысы ретінде қатысуға шақырамыз

2021 жылы 7 желтоқсанда сағат 11.00-де Алматы қаласы Креативтік индустриялар басқармасының ұйымдастыруымен «Мансап күні» онлайн – бос орындар жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Мансап күні» онлайн - бос жұмыс орындары жәрмеңкесі креативті жастарды жұмысқа орналастыруға қолдау көрсетуге және азаматтардың жұмысқа орналасуына және жұмыс берушілер қажетті ізденушілерді (кадрларды) таңдай алатын лайықты жұмыс іздеуге жәрдемдесу арқылы креативтік қоғам өкілдерінің әлеуетін ашуға бағытталған.

Жәрмеңкенің артықшылығы Алматы қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының қатысуы, сондай-ақ Қазақстанның еңбек нарығында Сбербанк Қазақстан, Қазақстан Халық банкі, Халык Life, Magnum Cash & Carry, Centras Group, «Алина» компаниялар тобы, «Нұрбанк» АҚ, «ШАГ» Компьютерлік Академиясы, «АЗМК» ЖШС-гі, «Жедел Күзет» ЖШС-гі, «Дудар» және «Торнадо Плюс» компаниялары сияқты жетекші компаниялардың танымал кәсіпкерлері мен рекрутерлерінің қатысуы болып табылады. Іс-шарада 100-ден астам бос жұмыс орны бойынша әңгімелесу өтеді, ізденушілерден 350-ден астам өтінім қабылданды.

Іс-шарада спикер ретінде Алматы қаласы Креативтік индустриялар басқармасы басшысының орынбасары Мұқажанова Әсел Нұрланқызы, Сбербанк Қазақстан компаниясының DevOps бағытының жетекшісі Мұстафин Ілияс, Сбер Қазақстан компаниясының андеррайтинг және мониторинг департаментінің директоры Зординов Кудрат, Қазақстан Халық банкінің өкілі Александр Вишневский және «Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің жұмыс берушілерді қолдау бөлімінің басшысы Жүкенова Алтынай Аязбайқызы сөз сөйлейді.

Іс-шараның модераторы әртіс Дәурен Серғазин.

Өтетін орны: Alatau Creative Hub, Алматы қ., Атлетикалық ауылы ТК, Нұркент шағын ауданы, 5/11.

Іс-шараның көрермені және шолушысы ретінде қатысуға шақырамыз, қатысу үшін өтінімдерді ұйымдастырушы Әбдімомын Марат, 87756801000 нөмірі бойынша растай аласыз.