Б. Сағынтаев жеке секторды көмірден газға ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті
Б. Сағынтаев экология мәселесінің маңызын ескеріп, екінші жұмыс күнінде мегополис әкімі ретінде ЖЭО-2-ні аралағанын мәлімдеді. Қазандықтардың жұмысын көріп, ЖЭО-ны газға ауыстыру мүмкіндіктерін қарастырды. «Самұрық-Қазына» және «Самұрық-Энергомен» келіссөздер басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл мәселе бақылауға алынды. Қараша айында байқау өткізіліп, мердігер ұйым анықталды. Ағымдағы жылдың наурыз-сәуірінде алдын-ала анықтамалар ұсынылатын болады.
Мамандар газға өту — тарифтердің өсуіне және субсидиялау қажет болатынын ескертуде.
«Егер қажет болса, тұрғындар бюджетке қатысты үлкен жүктемені сезінбеу үшін бюджет бұл салаға да беріледі. Адамдардың денсаулығы маңызды», — деп атап өтті әкім.
«Қаланың ауасын не нәрсенің көп ластап жатқаны маңызды емес. Аталған мәселені шешу бойынша кешенді шаралар қолданылуда. Біз осылай қосымша қаржыландыруға қол жеткіздік және ЖЭО-2-ні газға ауыстыру жұмысына кірісіп кеттік. Қазір техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде. Оны тұрғындармен талқылаймыз және бірігіп шешім шығаратын боламыз», — деді әкім.
Оған қоса Б. Сағынтаев жеке секторды көмірден газға ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бұл үшін қалалықтарға қолдау шаралары көрсетілуде.
Көліктік салада да жеке жұмыс жүргізілуде.
«Газбен жүретін автобус немесе электрлі автобусты сатып алудың артықшылығын көреміз. Өткен жылы 10 электірлі автобусты іске қостық. Әрине, оларға көбірек субсидия бөлінеді. Бірақ қалалықтардың денсаулығы маңыздырақ», — деп атап өтті Б. Сағынтаев.
Әкім, сондай-ақ экобелсенділермен өткен кездесу туралы да хабарлады. Кездесу қорытындысы бойынша қала экологиясын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізетін белсенділер мен мамандар қатарынан жұмыс тобы құрылды.
«Біз қала тұрғындарына қаланың экологиясына немқұрайлы қарамайтынына және оны жақсы жаққа өзгертуге тырысатындарына ризамыз. Қала кәсіпкерлері тәуелсіз экологиялық қор құрды. Ол экология мәселелерін талқылайтын алаңға айналады. Бұл жұмыстардың барлығы қатар жүргізіліп жатыр, кезең-кезеңімен шешімдер қабылдануда және жақын арада біз жақсы нәтижелерге қол жеткіземіз деп үміттенеміз», – деді әкім.
Сонымен қатар, бірқатар елдердің мысалында қала орталығына ақылы келу, айдың жұп және тақ күндері көліктердің қалаға тиісті нөмірлермен кіру сияқты қабылданған шараларды қарастыру қажет екендігін атап өтті