Жару әдісімен 50 мың текше метрден астам қар массасы тау етегіне түсті
Алматы тауларында қар көшкіні жүру қаупі бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжауынша, 23-26 сәуір аралығында қардың еруі мен қар жамылғысының тұрақсыз болуына орай қар көшкіні жүру қаупі бар.
«Космостанция» автожолындағы Аюсай бөгетінен жоғары және «Шымбұлақ - Тұйықсу мұздығы», «Эдельвейс», «Бутаковка», «Қимасар», шатқалдарында блокпост орнатылды», – деп хабарлады Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен.
Департамент мәліметінше, қар көшкінінің 20-дан астам профилактикалық түсуі жүргізілді, жару әдісімен 50 мың текше метрден астам қар массасы тау етегіне түсті.