Биыл Алматының «Көлсай», «Мұзтау», «Аққайың» және «Сұлусай» ықшамаудандарына су құбыры тартылады

14.02.2020 18:56

Айта кетейік, ауданда «Бюджетке қатысу» пилоттық жобасы аясында 50 шақты ұсыныс түскен

Қазір бірнеше жоба іске асуға дайын тұр. Кейбіріне жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Егер бұл мақсат жүзеге асса, 2500 үй яғни 7 мыңнан аса тұрғын тіршілік нәріне қол жеткізеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сондай-ақ, «Думан» ықшамауданындағы мәселе де өзекті. Соңғы 3 жыл бойы инженерлік желілердің жұмысы аяқталмай келеді. Бүгінде қалалық мобилділік басқармасы көшелерді жөндеу жөнінде кешенді жоспар жасақтауға кіріскен. Себебі, мердігер компания жасалуы тиіс жұмыстарды орындамай  келеді.

«Өкінішке орай, мердігер компания Зидан компаниясы толыққанды халықтың көңілінен шыға алмады. Енді сол жоспарды ары қарай биылғы жазға дейін бітіреміз деген міндет тұр. Күн жылығынына байланысты қай көшеде кімде кәріз желісі қосылды, кімге су қосылды, бәрінің кемшіліктерін қалпына келтіреміз. Тексеріп, талдаймыз», – деді Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек МӘКЕЖАНОВ.

Айта кетейік, ауданда «Бюджетке қатысу» пилоттық жобасы аясында 50 шақты ұсыныс түскен. Ашық дауыс беру кезінде 8 жоба аса қажет деп танылыпты. Биыл «Думан», «Алатау»,  «Самал» ықшамаудандарында саябақтар абаттандырылып, көбірек ойын алаңдары салынбақ.

Теги: су құбыры