Алматыда АЭС салу мәселесі бойынша жария талқылау өтті
Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша Алматыда өткен жария талқылауда ҚР Ұлттық ядролық орталығы бас инженерінің орынбасары Денис Зарва қазіргі заманғы атом электр станциялары қолданатын барынша қорғау шараcын атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
- Чернобыльда жұмыс істеген реактормен мұнда ұсынылған жобалардың ешқандай қатысы жоқ. Қазіргі реакторлар - қысыммен жұмыс істейтін екі тізбекті су құбыры. Қазіргі қауіпсіздік шарасында қорғаныс - капсула арқылы болады. Біріншіден, болаттан жасалған қабық тығыздығын сақтайды және радиоактивті өнімдердің атмосфераға шығуына жол бермейді. Сырты бетонмен жасалған, ол торнадоға, дауылға, ұшақтардың құлауына және т.б. қарсы тұруға мүмкіндік береді. Қазіргі атом электр станцияларында 5 қауіпсіздік деңгейі бар. Олардың құны атом электр станциясын салу шығынының жартысын құрайды, - деді спикер.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың маусымында мемлекет басшысы атом электр станциясын салу бойынша референдум 2024 жылдың күзінде өтетінін мәлімдеді. Нақты күнді Қазақстан Үкіметі айқындайды.