Президент Қордай оқиғасына байланысты бірқатар шенеуніктер пен полицейлерді қызметінен босатты

10.02.2020 18:56

Жамбыл облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары мен Қордай ауданының әкімі қызметінен босатылады

Фото АК Орда Астана

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының Қордай ауданында орын алған келеңсіздікке байланысты бірқатар лауазымды тұлғаны қызметтен босату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қордай ауданында кісі өліміне, тұрғын үйлердің қирап, азаматтардың дүние-мүліктерінің бүлінуіне әкеп соқтырған оқиғаға байланысты облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Сұлушаш  Құрманбекова, сондай-ақ Қордай ауданының әкімі Болатбек Байтөле жұмыстарына салғырт қарағаны үшін қызметінен босатылды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы ҚР Ішкі істер министрі Ерлан  Тұрғымбаевқа Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиевті және Қордай аудандық полиция бөлімінің бастығы Азамат Айқымбековті қызметінен алуды тапсырды.