Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте үш жұқпалы аурулар ауруханасы салынбақ

Фото из открытых источников
Фото из открытых источников
Ауруханаларды салу туралы шешім бүгін Қазақстан премьер-министрінің мемлекеттік комиссиямен өткізген отырысында мәлім болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Президент жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қаласында тез тұрғызылатын құрылымдардан үш жұқпалы аурулар ауруханасын салу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды kaz.nur.kz.

Осылайша, инфекциялық тез тұрғызылатын құрылымды медмекемелер елордада, оңтүстік астанада және үшінші маңызды қалада пайда болмақ. Ауруханаларды салу туралы шешім бүгін Қазақстан премьер-министрінің мемлекеттік комиссиямен өткізген отырысында мәлім болды.

Одан бөлек, Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында жұмыссыз режим бір апта, яғни, 13 сәуірге дейін ұзартылды. Мемлекеттік комиссия коронавирус инфекциясының таралуын шектеу мақсатында қызметі екі мегаполистің тіршілік әрекетін қамтамасыз етумен және тұрғындардың денсаулығымен байланысты ұйымдарды қоспағанда, барлық кәсіпорындар мен ұйымдар үшін Нұр-Сұлтан және Алматы қаласында күшіне енген жұмыссыз режимді осы жылдың 13 сәуіріне дейін ұзарту туралы шешім қабылдаған.

Айта кетейік, коронавирус тұтанған сәтте Қытайдың Ухань қаласында тез тұрғызылатын аурухана 10 күнде салынып біткен еді.

Новости партнеров