Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетелдік мамандарды тартуға квота бөледі
Елімізде сәуірдің басындағы мәліметке сай, жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша 16 278 шетел азаматы жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, жұмыс істеуге рұқсат берілгендер бірнеше санатқа бөлінеді:
Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 197 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 2 352 адам тартылды.
"Қазір Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 683 жұмыс беруші бар. Оларда 429 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді. Бұл қызметкерлердің жалпы санының 96%-і", - делінген ақпаратта.
Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 685 адам; Түркия – 1 977 адам; Үндістан – 1 268 адам; Өзбекстан – 1 195 адам; Сербия – 1 109 адам.
Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетелдік мамандарды тартуға квота бөледі. Биыл квота саны 28 352-ден 23 560-ге дейін, яғни 4 792 адамға қысқарды.