Президент атынан мемлекеттік БАҚ қызметкерлеріне пәтер сертификаты берілді

26.06.2023 в 18:58

Пәтер кілтін Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай тапсырды

БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында еліміздің жетекші мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарында еңбек етіп жүрген журналистер мен басқа да қызметкерлерге пәтер сертификаты салтанатты түрде табыс етілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша пәтер кілтін Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай тапсырды.

- Президент мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарында қажырлы қызмет атқарып келе жатқан бірнеше азаматты баспанамен қамтамасыз етуді тапсырды.

Мемлекет басшысының атынан Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында 65 пәтердің кілтін табыстадым.

Марапатталғандардың қатарында журналистер, режиссерлер, монтажерлар, операторлар және басқа да мамандық иелері бар.  

Пәтерлер «Дара» Президент бастамаларының қоры атынан берілді.

Келе жатқан мереке құтты болсын, әріптестер! - деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.