Алматыда жұмыс істеуге рұқсат берілген компаниялар аудиттен өтуі тиіс

25.04.2020 18:58

20 сәуірден бастап өнеркәсіп салалары мен кәсіпорындар қызметіне рұқсат берілді

prodengi.kz

Алматыда 20 сәуірден бастап өнеркәсіп салалары мен кәсіпорындарының қызметіне рұқсат берілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кәсіпорындар аудиттен өткеннен кейін және барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі мен дайындығы туралы оң шешім алғаннан кейін жұмысты жалғастыра алады. Бұл туралы almaty.gov.kz сайты хабарлады.

Аудиттен өту үшін 1-қосымшаға сәйкес кәсіпорын туралы ақпаратты электрондық prom_dopusk@mail.ru мекен-жайға жіберу қажет.

Аудиттен өту талаптарымен танысу үшін қосымшаны Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсынан жүктеп алуға болады.