Түркістан облысында тамақтан улану дерегі көбейген. Өңірде жыл басынан бері 108 адам зардап шеккен. Оның үшеуінде ботулизм анықталып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Улануға көбіне үйде дайындалған қияр, қызанақ пен көкөніс салаттары себеп болған. Тиісті мекеме 193 нысанды тексергенімен, қауіпсіздік мәселесі толық шешілмей отыр. Көктемде 68 адам уланған фастфуд дәмханасының иесі рақымшылыққа ілігіп, жазадан құтылып кеткен. Алайда қазанда дәл сол дәмханадан тамақтанған 14 адам уланып, дәрігер көмегіне жүгініпті.
Қазір осы оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатыр.
«Кәсіпкер рақымшылыққа ілігіп, жұмысын бастаған жоқ. Ол кейін басқа атпен рұқсатсыз жұмыс жасаған. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Кемшіліктерді анықтадық. Барлығын құқық қорғау органдарына береміз», – деді Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов.
Оқи отырыңыз: Таразда есірткіні жасырын тасымалдаған күдікті қамалды