Қазақстанда 29 қазан - Жалпыұлттық аза тұту күні

28.10.2023 18:55

Президент қаза болған кеншілердің отбасымен кездесіп, көңіл айтты

Сурет: Аkorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 қазан күнін Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Президент қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасыларымен және туған-туыстарымен кездесіп, көңіл айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Аkorda.kz-ке сілтеме жасап. 

Президент апаттың мән-жайын анықтау, кеншілерді құтқару және зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына шұғыл көмек көрсету жөнінде қажетті шаралар қабылданатынын жеткізді.

Мемлекет басшысы ертең, яғни 29 қазанды елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялайтынын айтты.

Оқи отырыңыз:Мемлекет басшысы Қарағанды облысына барды