Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасын баптаған Энвер Туркелери өмірден озды

05.11.2020 в 19:00

Қазақстан құрамасының кеңесші-бапкері командада көп жыл қызмет атқарды

Қарашаның төртіне қараған түні ауыр атлетикада белгілі бапкер, Қазақстан құрамасының кеңесшісі Энвер Туркелери көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Ол 78 жасына қараған шағында Түркияда қайтыс болды.

Туркелери 1989 бен 2005 жылдар аралығы Түркия құрамасын жаттықтырған. Кейін 2019 жылға дейін Қазақстан құрамасында кеңесші-бапкер болып қызмет атқарды.