Қаңтар оқиғасына қатысқандарды азаптаған 5 полиция қызметкері күдікті деп танылды

09.08.2022 19:00

Бас прокуратура 23 адамның азапталғаны дәлелденгенін хабарлады

галамтордан

Қаңтар айындағы оқиғалар кезеңінде ұсталғандарды азаптаған полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істерді тергеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бас прокуратура 23 адамның азапталғаны дәлелденгенін хабарлады.

Қазіргі уақытта арнайы прокурорлар Алматы облысының полиция департаментінде үтік басумен азаптауды қолдану туралы іс бойынша тергеу әрекеттерін аяқтады.

Нәтижесінде полиция қызметкерлерінің 2022 жылғы 7-17 қаңтар аралығында Талдықорған қаласында жаппай тәртіпсіздік жасағаны үшін ұсталған 23 азаматқа азаптау қолданғаны дәлелденді.

"Қылмыстық кодекстің 146-бабы бойынша 5 полиция қызметкері күдікті деп танылды, оның ішінде 3 Криминалдық полиция басқармасының қызметкері, 1 Әкімшілік полиция басқармасының инспекторы және 1 ЖҚАЖ қызметкері" - делінген хабарламада.

2022 жылғы 4 тамызда қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.

Азаптауды қолданудың басқа да фактілерін тергеу аяқталуға жақын.

Дереккөз: ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі