Шымкентте 1420 төсек-орындық 10 провизорлы стоционар және 2 инфекциялық аурухана жұмыс істеуде
Шымкенттегі провизорлы орындар мен күндізгі стационарларда ем алушылар қатары 77%-ға азайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Қалада эпидемиологиялық жағдай қалыпқа түсе бастаған.
«Кеше бір күнде 437 науқас коронавирустан жазылды. Ал, жедел жәрдем қызметін шақырту өткен айларда 2320-ға дейін жетсе, бүгінде ол 1200 шақырылымға азайды. Бұл – былтырғы жылмен салыстырғанда 100 шақырту ғана көп деген сөз. Қосымша айта кетсем, жұқпалы ауруларға байланысты провизорлы орындар мен күндізгі стационарларда ем алушылар 77%-ға азайды. Дегенмен әрдайым ахуалды бақылауда ұстау – біздің басты мақсат. Бұл тұрғыда жүйелі жоспарларымыз бар. Қазіргі қалыпты нормада 1420 төсек-орындық 10 провизорлы стоционар және 2 инфекциялық аурухана жұмыс істеуде. Егер науқастар саны көбейсе «Б» нұсқасына, ал ахуал тым ушықса «С» нұсқасына көшеміз», – деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан.