Кесілген баспен селфиге түскен: Сириядан оралғандар жайлы жантүршігерлік фактілер ашылуда

Кесілген баспен селфиге түскен: Сириядан оралғандар жайлы жантүршігерлік фактілер ашылуда
Нұр-Сұлтанда Сириядан оралған 14 қазақстандыққа қатысты сот тыңдалымы басталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сириядан оралған қазақстандық екі азамат 4 адамның басын кесіп өлтіруге қатысы бар деген күдікке ілініп отыр. Мемлекеттік айыптаушы аталған іске қатысты жантүршігерлік мәліметтерді хабарлады.

Бұл туралы Stan.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды. 

«Сирия қалаларындағы қарулы қақтығыстардан кейін, Ислам мемлекетінің мүшелері жеңіліс тапқан уақытта жақтастары 4 адамды кәпір деп танып, басын кесіп тастаған. Олар өлтірілген адамдардың басын 7 күнге көшеде қалдырып, осылайша, жергілікті тұрғындарды үрейлендірмек болыпты. Лаңкестік топтың мүшесі Жансеңгіров сол бастармен бірге суретке түскен. Ол адамдардың басының бірін аяғымен басып, қолына қару ұстаған. Бұл сурет ғаламторда тарап кетті», - дейді айыптау актін оқыған мемлекеттік айыптаушы Мұрат Еділ. 

Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, жүргізілген сараптама ғаламторда жарияланған суреттегі адамның сотталушылардың бірі Жансеңгіров екенін растапты. 

Бабай лақап есімді Ғазинұр Бақытжанов пен Абдулхафиз деген лақап атпен жүрген Аманжол Жансеңгіров қылмыс жасады деген күдікке ілігіп отыр. 

«ДАИШ мүшелері Жансеңгіров пен Бақытжанов «жергілікті үкімет әскерін жеңуіне» байланысты ұялы телефонның камерасына видео түсірген», - дейді мемлекеттік айыптаушы.

Айта кетсек, Нұр-Сұлтанда Сириядан оралған 14 қазақстандыққа қатысты сот тыңдалымы басталды. Айыптау нұсқасы бойынша, олар Ислам мемлекетінің бұрынғы жауынгерлері болып табылады. Сотталушылар адамдарды лаңкестікке тарту, сонымен қатар басқа да ауыр қылмыстар бойынша айыпталуда. Олар «Жусан» арнайы операциясының аясында Қазақстанға қайтарылған болатын.

Новости партнеров