Іс-шараға Қытай, Түркия, Ресей сынды елдердің өкілдері келіп, өнімдерін таныстырды
Алматыда алғаш рет «Lift Expo Kazakhstan -2023» халықаралық көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-шараға Қытай, Түркия, Ресей сынды елдердің өкілдері келіп, өнімдерін таныстырды. Көпшілік назарына жеделсатылар, эскалатор, көтеру механизмдері қойылған. Үш күнге созылған көрменің бүгін соңғы күні. Мамандар лифтіде болатын оқыс жағдайлар мен осы секілді мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасты. Көрменің бас демеушісі – Қазақстан ұлттық лифтшілер қауымдастығы.
«Көрмеде алыс-жақын шетелден әкелінген 50-ден астам жеделсаты бренді ұсынылған. Қазақстанның өндіруші компаниялары да қатысты. Көрме алғаш рет өтіп жатса да, құрылыс компанияларының назарына ілігіп отыр. Ол да өз кезегінде экономикаға әсер етеді деп ойлаймын», – деді Қазақстан ұлттық лифтшілер қауымдастығының президенті Ержан Игибаев.