Атыраулық мұнайшылар аққуларды ажалдан құтқарып қалды

15.04.2021 19:01

Иран мен Африкадан ұшып келген

Атыраулық мұнайшылар Иран мен Африкадан ұшып келген аққуларды ажалдан құтқарып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құстар облыстың Мақат ауданындағы Қошқар кен орнына қонып, әрі қарай ұша алмай, кептеліп қалған. Зоолагтардың айтуынша, аққулардың қанаты тұзды судан жиырылып, жабысып қалған болуы мүмкін. Болжам бойынша, онда түнде ұшып келген құстар судың тұзды екенін көрмеген. Ал, таң атқанда сол маңда жүрген мұнайшылар құстарды байқап қалып, сордан шығарып алған. Олар шөлдеп қалған құстарға су беріп, бірден тұщы сулы Соколок өзеніне жеткізген. Алайда сорға батқан 12 аққудың екеуі өліп қалған. Мамандардың айтуынша, аман қалған басқа құстарға қазір ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.