Бас прокуратура ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің суретін жариялады

18.09.2019 19:01

2019 жылы Қазақстанда 146 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған

Бүгін Бас прокуратура ұйымдасқан қылмыстық топтар құрған және мүшесі болған адамдардың фотосуретін жариялады. Онда топ құрып, оған басшылық еткендер мен қызметтік жағдайын асыра пайдаланғандар бар, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.  

Еске сала кетейік, 2019 жылы Қазақстанда 146 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топтардың 19 жетекшісі, 112 мүшесі, 15 қылмыстық ортаның билігі бар. Қылмыс әлемінің дөкейі, іздеуде жүрген екі жетекшісі және ұйымдасқан қылмыстық топтың үш қатысушысы ұсталған.