«Бірлесе білген ел бәрін жеңеді». Елбасы мақаласына көпшілік үн қосып жатыр

09.04.2020 в 19:01

Елбасы тұтқиылдан келген мұндай індетке қарсы шараларды еліміз алғашқылардың бірі болып қолға алғанын атап көрсетті

Фото : inbusiness.kz

«Бірлесе білген ел бәрін жеңеді». Осындай атпен жарияланған Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласына көпшілік кешелі бері үн қосып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл мақала  –  халқымызды сабырға шақырып, елдігімізді сақтауда бас қосу керектігі айтылып, ұнжырғамызды түсірмеуге үндейді. Қазақтың басынан өтетін бұл да бір өтпелі кезең екенін Елбасы еске салып отыр дейді. Сондай-ақ, бастысы қиыншылықты жеңе алатын сарабдал саясат пен тиісті қордың барлығы да ұмыт қалдырылмады. Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есполов пен кәсіпкерлерде осындай пікірде.

«Әлемде тарап отырған короновирус індеті бүкіл адамзатқа қауіп-қатер төндіріп отыр. Қазақстан халқы осындай сын сағатта өзіне тән төзімділігі өзіне деген зор сенім мен ауызбіршілігінің арқасында бұл қатерді міндетті түрде жеңіп шығады. Еліміздің ең үлкен байлығы – адам өмірі мен денсаулығы. Ұлт денсаулығы мемлекет қауіпсіздігі болып табылады. Біз баршамыз осы құндылықтарды қорғап сақтауымыз керек», – деді Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес ЕСПОЛОВ.

«Бұл үндеу бүкіл әлем жұртшылығын алаңдатып отырған короновирус пандемиясы кезеңінде қазақ елін татулыққа, сабырлыққа бірлікке шақырды. Елбасы тұтқиылдан келген мұндай індетке қарсы шараларды еліміз алғашқылардың бірі болып қолға алғанын атап көрсетті», – деді кәсіпкер Айнұр ЖҰМАШ.