Асқар Жұмағалиев мамандандырылған ХҚКО жұмысын ретке келтіруді тапсырды

пресс-служба Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК
пресс-служба Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК
Марат Қожаев өткен түнде жүйеде 6 жаңарту жұмысы жүргізілгенін жеткізді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев және ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Нұр-Сұлтан қаласындағы мамандандырылған ХҚКО-ның жұмысын тексерді. Бұл жөнінде ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.  


Естеріңізге сала кетейік, соңғы күндері бірқатар мамандандырылған ХҚКО-да ІІМ ақпараттық жүйелеріндегі техникалық  жаңартуларға байланысты автокөлікті тіркеуге қою және көлік жүргізуші куәлігін рәсімдеу қызметтерін көрсетуде кідірістер байқалды. «Азаматтарға арналған үкімет» мемкорпорациясының басқарма төрағасы Әсемгүл Балташева мамандандырылған ХҚКО-да үздіксіз қызмет көрсету процесін қамтамасыз ету үшін ІІМ-мен бірлесе жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесі туралы хабардар етті.

«Соңғы тәуліктерде ІІМ қызметкерлері сұраныстарды өңдеу жылдамдығын арттыру үшін өз жүйелеріне бірқатар техникалық өзгерістер енгізді. Азаматтарға арналған үкімет қызметкерлері де барлық қажетті көмекті көрсетуде. Қазіргі уақытта қызмет көрсету жылдамдығы артты», - деді Әсемгүл Балташева.

ҚР ІІМ бірінші орынбасары Марат Қожаев өткен түнде жүйеде 6 жаңарту жұмысы жүргізілгенін жеткізді. Сондай-ақ, өз бөлімшесіне бүгін кешке дейін барлық ақауды жоюды тапсырды.  

Сонымен бірге, Асқар Жұмағалиев бұл мәселені әлі де бақылауда ұстайтынын жеткізді. Мемлекеттік корпорацияға және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» компаниясына жағдайды толық реттеу үшін көмек көрсетуді жалғастыру қажеттігін айтты. Министр сондай-ақ, бүгін мамандандырылған ХҚО-на соңғы клиентке қызмет көрсетілгенше жұмыс істеуді тапсырды.


Новости партнеров