Семей полигонының жабу туралы жарлыққа 28 жыл толды
1949-1989 жыл аралығында Семей ядролық полигонында 468-ден астам сынақ жасалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабу туралы жарлығының суреті жарияланды. Мұны Елбасының баспасөз хатшысы әлеуметтік желіге жүктеген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жарлыққа осыдан 28 жыл бұрын 1991 жылдың 29 тамызында қол қойылыпты.
Айта кетейік, ядролық қаруды сынау ең алғаш рет Қазақстанда 1949 жылдың 29 тамызында болған. Жарылыстың күші 22 килотоннаға жеткен. Ал, 1989 жылы полигонда соңғы сынақ өткізілді. 1949-бен 89 жылдары аралығында Семей ядролық полигонында 468-ден көп сынақ жасалған екен.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34