Семей полигонының жабу туралы жарлыққа 28 жыл толды

29.08.2019 19:01

1949-1989 жыл аралығында Семей ядролық полигонында 468-ден астам сынақ жасалған

Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабу туралы жарлығының суреті жарияланды. Мұны Елбасының баспасөз хатшысы әлеуметтік желіге жүктеген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жарлыққа осыдан 28 жыл бұрын 1991 жылдың 29 тамызында қол қойылыпты. 

Айта кетейік, ядролық қаруды сынау ең алғаш рет Қазақстанда 1949 жылдың 29 тамызында болған. Жарылыстың күші 22 килотоннаға жеткен. Ал, 1989 жылы полигонда соңғы сынақ өткізілді. 1949-бен 89 жылдары аралығында Семей ядролық полигонында 468-ден көп сынақ жасалған екен.