Оралда 10 күн бұрын ант қабылдаған сарбаз психдиспансерде жатыр

Ашық дереккөз
Ашық дереккөз
Сарбаз 2 айға емделуге жіберіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Оралда ант қабылдағанына 10-ақ күн болған сарбаз психдиспансерден бір-ақ шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Арманбек Қайрош Отан алдындағы борышын өтеуге маусым айында Ақтөбе облысынан шақыртылған. Ол №5517 әскери бөлімінен облыстық психоневрологиялық диспансерге жеткізілген. Әскери бөлім командирінің айтуынша, жас жігіт бұған дейін «өзіме бірдеңе жасаймын» деп ашықтан ашық жариялап, медпунктке көмекке жүгінген екен. Психиатр қарауынан соң оған «бейімделудің бұзылуы» алдын-ала диагнозы қойылыпты. Енді сарбаз 2 айға емделуге жіберіледі. Әскери міндетін өтеуді жалғастырады ма, жоқ па әзірге белгісіз.

«2022 жылдың 9 тамызында Ақтөбе облысының Қорғаныс істері департаментінен маусым айында Орал қаласындағы №5517 әскери бөлімінде шақырылған қатардағы жауынгер Арманбек Қайрош Базарұлы Орал қаласының дәрігер мамандар қарауына жіберілді. Содан кейін ол облыстық психалық денсаулық орталығында бейімделудің бұзылу алдын алу диагнозымен түсті», – деді қалалық №5517 әскери бөлім командирінің орынбасары Жәнібек Сәрсенов.

Новости партнеров