Әйелдер арасындағы дауға банк бағдарламасының істен шығуы себеп болды
Ақтауда банктердің бірінде клиент пен кассир арасында дау шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі sputnik.kz сілтеме жасап.
Жергілікті тұрғын банкке келіп, 400 доллар сатып алған. Бірақ осы сәтте бағдарлама істен шығып, клиенттің картасынан ақша алынбаған. Мұны байқаған кассир ақшаны қайтаруды сұраған. Алайда клиент бас тартқан. Осыдан кейін кассир сотқа жүгінді.
Іс Актау қаласының №2 сотында қаралды.
"Татуласу процедурасы барысында тараптар медиативті келісімге келді. Жауапкер арыз берушіге осы жылдың 8 қарашасына дейін 171 000 теңге қарыз ақшаны төлеуге міндеттелді", – деп мәлімдеді соттағылар.
Азаматтық іс бойынша өндіріс тоқтатылды, сот ұйғарымы заңды күшіне енді.