Астанада ЖЭО-3 іске қосылады

26.03.2024 в 19:03

Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

Almaty.tv

Астанада биыл үшінші жылу электр орталығының көмірмен жылытатын бөлігі іске қосылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек биыл тұрғындарға жылу артығымен берілді деп отыр. Оған бірнеше газбен жұмыс істейтін жылыту стансаларының іске қосылуы септескен.

– Былтыр іске қосылған негізгі энергетикалық нысандар биыл қыста көмегін көрсетті. Кездесу қорытындысы бойынша Президент экономика саласына және қаланы ары қарай абаттандыру және көгалдандыру мәселелеріне қатысты бірқатар тапсырма берді, – деді Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған бас қала басшысы барлық негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалатынын айтты. Былтыр тартылған инвестиция көлемі 1,6 триллион теңгені құраған. Өңдеу өнеркәсібі, білім, медицина, логистика, көлік және басқа да салаларда іске асырылған жобалардың нәтижесінде 1,8 мың жұмыс орны ашылған.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасы әбден тозған