Балаларға зорлық көрсететіндерге қарсы жаза күшейді

18.04.2022 20:49

Енді олар кешірім мен мерзімінен бұрын босату құқығынсыз жазасын өтейді

regnum.ru

Кәмелетке толмағандарға жыныстық зорлық-зомбылық жасаған қылмысын жасырған адам 6 жылға дейін бас бостандығынан айрылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұл жөнінде ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің өкілі Жасұлан Жұманалин мәлімдеді. Айтуынша, кәмелетке толмағандардың құқығы бұзылса, дереу құқық қорғау органдарына хабарласу міндеті педагогтерге де жүктеледі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, балаларға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс үшін жауапкершілік күшейтілді. Зорлық-зомбылық әрекеті сияқты қылмыс түрлері ауыр қылмыс санатына ауыстырылды. Осылайша, тараптардың татуласу мүмкіндігі алынып тасталды. Педофилдер енді кешірім мен мерзімінен бұрын босату құқығынсыз жазасын өтейді», – деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма басшысының орынбасары Жасұлан Жұманалин.