Экс-министр Елжан Біртанов үйқамаққа жіберілді

07.11.2020 20:18

Бұл туралы оның адвокаты Дмитрий Куряченко хабарлады

Zakon.kz

Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртанов үй қамағына жіберілді. Бұл туралы оның адвокаты Дмитрий Куряченко айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Адвокат Дмитрий Куряченко экс-министр Елжан Біртановтың бүгіннен бастап үйіне жіберілгенін айтты. Дегенмен, құзырлы органдар бұл дерекке қатысты әлі ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Еске салсақ, қазан айының соңында Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртановтың ірі көлемде қаражат жымқырды деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Көп ұзамай Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг жөніндегі комитеті бұрынғы министрдің қамауға алынғанын растады.

Елдан Біртанов аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.